USD
USD
USD

Табиғатты қорғауға бағытталған сувенирлік бұйымдар халық көңілінен шықты

Табиғат аясына келушілерге, демалушылар мен туристерге арналған экологиялық тәрбиенің түрлі жолы бар. Оның бірі – түрлі сувенир бұйымдар. «Іле-Алатау» ұлттық паркінде экотуризмді дамытып жатқан «Туранга Группа» компаниясы да түрлі әсем кәдесыйлар дайындауды қолға алған.

Табиғатты қорғауға бағытталған сувенирлік бұйымдар халық көңілінен шықты
Фото: NEGE.kz

Қайта өңделген материалдардан жасалған аюдың бейнесі басылған дәптер, қарындаш, свитшот пен футболкалар партиясын келушілер өте жақсы қабылдап, сувенирлер тез сатылып кетті.

Кәдесыйлардың келесі сериясы елімізде Қызыл кітапқа енгізілген тағы бір жануар түріне арналмақ. Осылайша, компания алматылықтар мен қала қонақтарына табиғаттың таңғажайып жануарлары мен өсімдіктері бізбен бірге, былайша айтқанда көрші болып өмір сүріп жатқанын еске салғысы келеді.

Экология өзімізден басталады. Орман қопаларында, қарлы шыңдарда өмір сүретін, елімізді айғақтап жүрген жануарлардың да иелік ететін өз аймақтары бар. Оған себепсіз қол сұғуға болмайды.

Адамдар табиғатқа терең құрметпен қарауы керек. Кәдесыйлар осындай идея тастауы тиіс.

Әрі оның сатылымынан түскен қаржының 10 пайызы ұлттық парктің шотына аударылып отырады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен