Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Табиғатты бүлдіргендер айыппұл төлейді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев табиғатқа келтірілген зардаптар бойынша жаза қалай қатаңдатылатынын айтып берді.

Табиғатты бүлдіргендер айыппұл төлейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біріншіден, табиғатты қорғау саласындағы құқықбұзушылықтар бойынша айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке (1 АЕК – 2778 теңге) өседі. Яғни, екі есе. Орта бизнес субъектілеріне 30-75 АЕК-ке дейін, ірі бизнеске 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс істеп жүрген мамандардың құзыры да артады», – деді Мағзұм Мырзағалиев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Министрдің сөзінше, енді көпшілік тұтынатын қоғамдық орындарды былғау әрекеттеріне, қалалар мен елді мекендердегі жасыл желекке зиян келтіруге, су ресурстарын қорғау ережесін, ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзуға, орман фаунасын жойған немесе зиян келтіруге және орманға қоқыс, химиялық заттар тастауға, басқа да орман қорына келтірілген залалға қатысты айыппұлдар құны артпақ.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.