USD
USD
USD

Сүт өнімдері қымбаттады

Қазақстанда сүт және қаймақ өндірісі 7 пайызға өскен, –  деп хабарлайды Еnergyprom.kz. 

Сүт өнімдері қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салыстырмалы түрде: тиісті кезеңде инфляцияның жалпы деңгейі 5,3 пайыз болса, азық-түлік өнімдері бір жылда 8,2 пайызға, ал азық-түлік тауарлары 8,1 пайыз болған. 2019 жылдың желтоқсанындағы қорытынды бойынша, Қазақстан қалаларында шикі сүт орта есеппен 222 теңге болса, 2018 жылы 211 теңге, ал пастерленген сүт былтыр 251 теңге, 2018 жылы 228 теңге болған. 

Жалпы, Қазақстанда сүт өндірісі өскен. 11 айдың есебі бойынша, былтыр сүт пен қаймақ өнімдері 509,3 мың тонна, ал 2018 жылы 476,3 мың тонна өндірілген. Оның 30 пайызы Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген. Сонымен қатар, сүт өндірісінен Алматы, Ақмола және Қостанай облысы басым шыққан. Аталған төрт облыста бұл сектордағы өнімдердің төрттен үш бөлігіне тең. 

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.