USD
USD
USD

Сусыз қалған Талдықорған тұрғындары шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымданды

Сусыз қалған Талдықорған тұрғындары шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымданды, деп хабарлайды ҚазТаг. 

Су
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. «Үйіміздің жоғарғы қабаттарына су жетпейді. Себебі үйде жарық сөнген сайын сорғы өшеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қалалық су шаруашылығы мекемесінің балансындағы сорғыны қабылдаудан бас тартып отыр. Жақында олар бірден үш сорғыны қосып қателік жасады. Соның салдарынан пәтерлерде ванна бөлмесіндегі құбырлар жарылып, үйлерінің ішін су басты. Енді сорғы бөлмесінің кілті маған берілді, бірақ мен сарапшы емеспін, оны қалай пайдалану керектігін білмеймін. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері де, орынбасарлары да мәселенің мән-жайын біледі, бірақ ешкім ештеңе істеп жатқан жоқ. Әкімге бару үшін бірнеше ай бұрын кездесуге жазылу керек, алайда мәселені қазір шешу керек», - деді Талдықорған қаласы Бірлік ықшамауданындағы №7 үй МӘСБ төрайымы Назгүл Әбілғайсанова

Ол тіпті шенеуніктерге видеоүндеу жолдаған, бірақ жағдай өзгермеген. 

«Мен шу шығара бастағаннан кейін шенеуніктер 19 шілдеге жиналыс жариялады. Бірақ біз жиналыстарда шу шығарып, жағдайдың бәрібір өзгеріссіз қалатынына үйреніп кеттік», - деді қала тұрғыны.

Талдықорғандықтардың айтуынша, су мәселесі электр қуатын үнемі сөндірудің салдарынан туындап отыр. Мәселен, шілдеде жарты айдың ішінде кешкі уақытта тұрғындардың электр жарығы алты рет сөндірілген. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары