USD
USD
USD

Суреттер үшін туған әпкесін өлтірді ме? Әзербайжанда 18 жастағы жігіт ұсталды

Әзербайжан астанасы Бакуде 23 жастағы суретші Гүляра Мехтиева қаза тапты. Оның өліміне туған бауыры, 18 жастағы Айхан Мехдиев күдікті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

.
Фото: instagram.com/ince1senet

Астана, NEGE. Оқиға 16 қарашада болған. Әзербайжандық басылымдардың жазуынша, ағайынды екеуінің арасында қыздың әлеуметтік желіге жариялаған суреттеріне байланысты жанжал шыққан. Жанжал кезінде жігіт әпкесіне бірнеше рет пышақ сұққан деген болжам бар.

Ауыр жараланған бойжеткен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, марқұм мен күдіктінің әкесі бір, аналары бөлек болған. Соған қарамастан, екеуі бір отбасында тәрбиеленген.

Балаларының әкесі Аға Мехдиев те қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Айхан бұған дейін психологиялық қиындықтарға байланысты ем қабылдаған. Соңғы екі айда ұйқысы бұзылып, жағдайы нашарлаған.

«Өзімді кінәлаймын. Соңғы айларда Айханға жеткілікті көңіл бөле алмадым. Екінші ұлым қатерлі ісікпен ауырады, оны Түркияда емдетіп жүрміз», – деді ол Qafqazinfo басылымына.

Әкесі балаларының арасында бұрын жанжал болмағанын да айтты.

«Қызымның аяқталмаған суреттері әлі үйде жатыр. Бұл қайғы отбасымызға ауыр соққы болды», – деді Аға Мехдиев.

Күдікті ұсталды. БАҚ оның кінәсін мойындағанын жазды. Алайда қылмысқа әлеуметтік желідегі суреттер себеп болды деген ақпаратты тергеу органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков