USD
USD
USD

Суретке түспек болған ер адам Шарын өзеніне ағып кетті

Алматы облысында 37 жастағы ер адамды суретке түсу кезінде өзен ағыны алып кетті. Құтқару жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Суретке түспек болған ер адам Шарын өзеніне ағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «1 шілдеде сағат 11.15-те «112» пультіне Алматы облысының Кеген ауданында 1984 жылы туған ер адамды Шарын өзенінің ағыны алып кетті. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 15 адам мен 4 бірлік техника. Оқиға орнына сағат 12.05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 8 адам мен 1 кинологиялық есеп. Сағат 13.00-де оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы ұшып шықты. Қосымша күштер мен құралдар жіберілетін болады», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам туристік топпен жүрген. Фотоға түсу кезінде қауіпті аймақта аяғы тайып кетіп, суға құлаған. Оны өзен ағыны алып кетті.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова