Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сурдолимпиада ойындарында еркін күрестен қазақстандық балуандар 5 медаль иеленді

 Бразилияда өтіп жатқан XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен қазақстандық балуандар қанжығаға 5 медаль байлады. 

Сурдолимпиада ойындарында еркін күрестен қазақстандық балуандар 5 медаль иеленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спортшыларымыз 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, қазақстандық Хайратхаан Шонку 125 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медальға ие болды. 24-ші Сурдлимпиада ойындарында Хайратхаанның бұл екінші алтын жүлдесі. Осыған дейін ол грек-рим күресінде 130 келі салмақта сынға түсіп, жеңіске жеткен болатын. Өз кезегінде балуандарымыз Ғабит Есжанов (57 кг), Сабыржан Рсалы (70 кг) және Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) жарыста күміс жүлдеге ие болса, Бексұлтан Малайдар (92 кг) қола медальға қол жеткізді. Ал Шадияр Пернеш (60 кг) пен Мухтар Есенғосұлы (97 кг) бесінші орыннан көрінді. Сондай-ақ әйелдер арасында 4х400 метрдегі эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық атлеттер Фаина Меирманова, Ольга Хижнякова, Яна Сибирякова және Елена Путинцева төртінші орыннан көрінді. Биіктікке секіруден сыңға түскен Фаина Меирманова 159 см нәтижесімен бесінші орынға ие болды.

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындары 15 мамырда аяқталады. Жарысқа әлемнің 100 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Айта кетейік, «Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі - Орталық) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады, Орталықтың басты қызметі Сурдлимпиадалық, Паралимпиадалық және Паралимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи