USD
USD
USD

Сұрапыл дауыл жақындап қалды

Германияның солтүстігіне «Иления» дауылы жақындап қалды, елде жоғары дайындық режимі сақталуда.

Сұрапыл дауыл жақындап қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Неміс метеорологиялық қызметінің (DWD) деректеріне сай, Германияның солтүстігіндегі Гарц тауының шыңында сағатына 152 километр жел тіркелді. DWD Солтүстік Рейн-Вестфалия және Мекленбург-Алдыңғы Померанияда қатты жел туралы ескерту жасады. Онымен қоса, Шварцвальд сияқты Оңтүстік Германияның таулы аудандарында да ауа райының нашарлайтыны хабарланды. Метеорологиялық қызметтің болжамына сай, Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Зауэрланд пен Гарцта жауын-шашын толассыз жаумақ. Биік орындары Берлин мен Гамбург сияқты ірі қалаларда саябақтар мен ормандарға барудан бас тартуға шақырды. Ел бойынша өрт сөндіру қызметтері апат болған жағдайда жұмысқа кіруге әзір.

«Дауыл Германияның солтүстік-батысынан басталып, оңтүстік-шығысына қарай елдің орталығына дейін жылжиды», - деп түсіндірді DWD метеорологы Адриан Лизер.

Германияның Deutsche Bahn теміржол қызметі Twitter-де ауа райының нашарлауы салдарынан пойыздардың кешігіп жатқанын хабарлады. Lufthansa әуе компаниясы да өз сайтында ұшақтардың кешігуі туралы хабарлап, жолаушыларды сапар алдында рейс кестесін қадағалауды шақырды. Германияның халқы көп Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде мектептер жабылды. Төменгі Саксонияда да сабақ болмайды.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама