USD
USD
USD

Сұранысқа ие жаңа көліктер рейтингі жарияланды

2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 79 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлайды.

Сұранысқа ие жаңа көліктер рейтингі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Аталған кезеңде ресми дилерлер 79 394 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2 пайызға жоғары. Биылғы 11 айда қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 711,2 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 20,8 пайызға артық болды», – делінген таратылған мәліметте.

Көлік сатып алушы 56 867 адам (71,6 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған.

Сонымен қатар, биылғы 11айда сатылған 22 527 автомобиль (28,4 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (16 412 көлік), Hyundai (15 622), Toyota (9 331 ), Chevrolet (7 532) және Ravon (7 057) көліктері көш бастады.

Мұнымен қоса, сатылымы жоғары болған ТОР-ондықта – KIA (5 566 көлік), GAZ (2 787), Renault (2 395), Volkswagen (2 300 ) және Nissan (2 126) бар.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко