Сұрамаса да жібереміз – Қырғызстан Қазақстанға су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек жібереді
Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Қырғызстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілетінін хабарлады.
Алматы, NEGE. Қазақстан гуманитарлық көмек сұрамаған. Жапаров Бішкек жылу электр орталығында болған апаттан кейін Қазақстан Қырғызстанға көмек қолын созғанын алға тартты.
«Бішкек ЖЭО-да апат болған кезде біз сұрамасақ та көрші елдер гуманитарлық көмек жіберді. Олар бізден көмек сұрамаса да, бұл жағдайда біз де оларға гуманитарлық көмек жібереміз деп шештік. Мен осы сәтті пайдаланып Өзбекстанға, Түркіменстанға және Қазақстанға алғысымды білдіргім келеді. Президенттің көрші елдермен жүргізіп отырған достастық саясатының нәтижесінде олар біз сұрамай тұрып-ақ көмек қолын созды», – деді Ақылбек Жапаров.
Қазіргі уақытта Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі елде өндірілген өнімдерден гуманитарлық жүк әзірлеп жатыр.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті