USD
USD
USD

Сүндет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу барысында бірнеше ер адам орамалмен көзі байланған атты баспалдақтан төмен түсірмек болған бейнежазбаны анықтады.

Сүндет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тексеру нәтижесінде бұл жайт 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде өткен "сүндет той" кезінде болғаны анықталды. Жылқының иесіне қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 407-1 бабы "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Тәртіп сақшылары жануарларды ұстау кезінде ұрып-соғуға, жануарды азаптауға, оның ішінде аштыққа, шөлдеуге және жануардың өліміне, жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін басқа да зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала