USD
USD
USD

Сұлтан Әсетұлы Азия чемпионатында топ жарды

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.

Сұлтан Әсетұлы Азия чемпионатында топ жарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы топ жарды деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК сілтеме жасап. Ересектер қатарына енді өтіп, былтырғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен Сұлтан құрлықта да қарсылас шыдатқан жоқ. Финалда қазақстандық балуан ирандық Мейсам Далханиді мерзімінен бұрын жеңді. Алдымен ирандық спортшы үш ұпай алып үлгерген.

Кейін Сұлтан тік тұрып әдіс жасап, есепте алға шықты. Ал белдесудің екінші жартысында қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Бұл 20 жастағы Сұлтан Әсетұлының халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жеңістерінің бірі. Бұған дейін Сұлтан Италиядағы рейтингілік турнирде күміс алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту