Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Sulpak директоры сотта сөз сөйледі

Arena S (Sulpak) ЖШС Бас директоры Дмитрий Провкин Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында сөз сөйлеп, жоба бойынша ағаштарды кесу жоспарланбағанын айтты.

Sulpak директоры сотта сөз сөйледі
Фото: NEGE.kz

Провкин сауда үйін қайта құру аясында аумақты абаттандыру жұмыстары жоспарланғанын айтты.

«Абаттандыру жұмыстары бойынша "Сакура" ЖК мердігерімен шарт жасасқан. Ағаштарды кесуге рұқсат сұраған жоқпыз. Өйткені мұндай жұмыстар жоспарланбаған. Мердігерге ағашты кесуге тапсырма берілген жоқ», - деді ол.

Алмалы ауданының бас экологиялық инспекторы Азамат Өтешов сол түні Sulpak ғимараты маңында сотталушыны көргенін айтты.

«Түнде өтіп бара жатып, ағаштарды кесіп жатқанын көрдім. Уақыт таңғы 3-4 болатын. Сотталушыны сол жерде көрдім. Ағаштарды кесуге рұқсаты болған жоқ. Патрульдік полиция келді. Оларды тұрғындар шақырды. Сотталушыға тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салды», - деді ол.

Сондай-ақ, сот залында "ЭКО-ALMATY" ЖШС орман патологиялары және жасыл желектер тобының жетекшісі Серікжан Сұраншин Төле би 187 мекен-жайы бойынша жасыл желектерді түгендеу 2018 жылдың сәуірінде жүргізілгенін айтты. Оның айтуынша, осы учаскеде сол кезде Sulpak ғимаратының алдында тоғыз емен және үш акация өсіп тұрған.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық