USD
USD
USD

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің мәлімдеуінше, 2027-2029 жылдары Ұлттық қордан инфрақұрылымдық жобаларға алынатын 5 трлн теңге инфляцияның айтарлықтай жеделдеуіне әкелмейді.

инфляция
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Орталық банк басшысының сөзінше, Ұлттық қордан 5 трлн теңгені үш жыл ішінде алу жоспарланған. Оның ішінде 2027 жылы – 2 трлн теңге, ал 2028 және 2029 жылдары 1,5 трлн теңгеден инфрақұрылымдық жобаларға бағытталмақ.

«Үш жылға 5 трлн теңге қарастырылған. Бұл айтарлықтай көп болып көрінуі мүмкін. Бірақ болжам бойынша экономикамыздың көлемі 200 трлн теңгеден асады. Экономика көлемімен салыстырғанда бұл аса үлкен сома емес», – деді Ұлттық банк төрағасы брифингте.

Оның айтуынша, қосымша трансферттер Үкіметтің 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында ескерілген. Ұлттық банк те бұл факторды өзінің жаңартылған болжамдары мен есептеулеріне енгізген.

Сондықтан реттеуші бұл қаражаттың инфляцияға айтарлықтай әсері болады деп есептемейді.

«Біз қандай да бір үлкен инфляциялық әсерді көріп отырған жоқпыз. Мұны есептеулерге қабылдап, модельге енгіздік. Бүгінгі және кейінгі шешімдеріміз осы факторды толық ескеретін болады», – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бөлінетін қаражаттың инфляцияға әсері оның қаншалықты тиімді пайдаланылатынына да байланысты.

Сондықтан салынған қаржы тауарлар мен қызметтер өндірісін арттыруға ықпал етуі маңызды.

«Ең бастысы – бұл бағдарламаның тиімді іске асырылуы. Ол экономикадағы кедергілерді жоюға, экономиканың әлеуетін арттыруға және қосылған құн қалыптастыруға көмектесуі керек Бұл әрдайым сұраныс пен ұсыныс мәселесі. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тауарлар мен қызметтер өндірісі өсуі қажет. Сонда өсіп жатқан сұраныс пен оған ілесе алатын ұсыныс арасындағы алшақтықты жаба аламыз», – деп түсіндірді Сүлейменов.

Сондай-ақ ол Ұлтық банк пен Үкімет экономикалық өсімді қолдау және инфляцияны тежеу жөніндегі шараларды өзара үйлестіріп отырғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау