USD
USD
USD

Сулейманидің ізбасары кім?

Касем Сулеймани өлген соң «Әл-Кудс» Ислам төңкерісі сақшылары Корпусына басшы болып тағайындалған генерал Исмаил Каани кім? Ол туралы әлем не біледі? Би-Би-Си Исмаил Кааниді зерттеп көріпті.

Сулейманидің ізбасары кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Иранның ИРНА агенттігінің жазуынша, генерал Сулейманимен ара қатынасы туралы Каани былай депті: «Біз – соғыс балаларымыз. Біз соғыс алаңында табыстық, соғыста дос болдық».

Аятолла Хаменейге тікелей бағынатын Корпус енді «Әл-Кудсты» Каани басқаратынын мәлімдеді. Аятолланың айтуынша, Каани генерал Сулейманидің бастаған ісін одан әрі жалғастырады.

Осы күнге дейін Каани «көлеңкеде» жүрген. Тек аса бір шетін мәселе болмаса, БАҚ бетінде оның аты-жөні айтылмайтын.2012 жылы АҚШ-тың қаржы министрлігі Кааниге қатысты санкция салды. Оны «қару сатпақ болды» деп айыптады.

Каани 1957 жылы Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында туған. 1979 жылдан бері Корпус құрамында. Шах құлаған соң Иранда күрдтердің көтерілісін Сулеймани екеуі бірге басқан. Одан кейін миллион адам өлген Иран – Ирак соғысына қатысқан. Осы соғыста Каани командир болыпты.

«Каанидің жұлдызы соғыста жанды. Мұндай командирлер аз емес. Егер Сулейманидің өлімінен соң Иран кек алуды жалғастырса, онда бұл операцияға Каани жетекшілік етеді» деп жазды Financial Times.

Сулейманидің тұсында Каани «Әл-Кудстың» қарсы барлауын басқарған. Изриль басылымдарының жазуынша, Сулейманидің бағыты Ираннан батысқа қарай болса, Каани шығысқа – Ауғанстан мен Пәкістан бағытына жауапты болыпты.

Әзірге Каани Сулеймани сияқты зор беделге ие емес. Иран президенті Хасан Роухани де Сулейманидің орнын ешкім баса алмайтынын айтуы да тегін болмаса керек.

Дегенмен де Корпустың ендігі басшысы Каанидің іс-әрекетінің бәрі Иран халқының және әлемдік қауымдастықтың көз алдында болмақ.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды