4 Қараша 19:32
...

Сүйінші хабар! Тарихшылар Бұрындық ханның хаттарын тауып алды

Фото:

Қазақ халқына сүйінші хабар! Елдің рухын көтеріп, жұрттың жігерін оятатын құнды жәдігерлер табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Атап айтсақ, ғалымдар шетелдік мұрағатты ақтарып, Қазақ хандығының көне картасы мен Бұрындық ханның хаттарын елге әкелді. Араб қаріптермен жазылған бұл жәдігерлер қазір Ұлттық мұрағат қорында сақталып тұр. Жыл басынан бері мұнда барлығы 7 мыңнан аса тарихи-бағалы құжаттар жеткізілген.

Табылған жәдігерлердің ең көнесі 973 жылы пайдаланылған. Қазір бұл жұмыстармен ғалымдар мен аудармашылар айналасып жатыр. Бұрындық ханның хаттарын да мамандар майшаммен тексеруде. Тарихшылардың айтуынша, бұл деректер тарихымызды айқындап, тәуелсіздікті тұғырлы етеді. Олар жәдігерлердің жұмбағын шешкен бойда, көпшілікке хабарлаймыз деді. Тарихы тереңде жатқан құжаттардың бір бөлігі бүгін «Архив – ел тарихының қазынасы» конференциясында көрсетілді.

Шарада Ахмет Байтұрсыновтың 12 томдық шығармалары және «Архив-2025» жобасы аясында шығарылған жинақтардың тұсаукесері өтті.

Тегтер: