Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Суға шомылу маусымы аяқталды

1 қыркүйекте елімізде суға шомылу маусымы ресми аяқталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Суға шомылу маусымы аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖК полициямен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп ұйымдастырушылық, практикалық іс-шаралар кешенін жүргізді.

Күн сайын азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер мен патрульдеу жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 35 баланы ажалдан аман алып қалды.

Ал, суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусымнан 31 тамыз аралығында) 140 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылды.

Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап (1 маусымнан 31 тамыз аралығында) суға шомылу кезінде алкогольдік мас күйінде, суға батушыны құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 239 адам (2019 жылы 282), оның ішінде 75 бала (2019 жылы 88 бала) суға кетіп, көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.