USD
USD
USD

Үйін қарауға кеткен ер адамның біреуі өлі табылды

Атырауда суға кеткен үйін қарауға барып батып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды AtyrauPress сайты. 

Құлсары қаласы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгін, 14 сәуірде, таңғы сағат 9 шамасында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен ер адамның денесі табылды.

6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі 2000 жылы туған баласымен рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол уақыттан бастап құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

2000 жылы туылған жасөспірім әлі табылмады. Құтқарушылар Іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.