Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Судья Кеңшілік Әбделдинов пневмониядан қайтыс болды

Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбделдинов Кеңшілік Кеңесұлы дүниеден озды.

Судья Кеңшілік Әбделдинов пневмониядан қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Алматы қалалық соты, соттар әкімшісі, жалпы басшылық пен судьялар, сондай-ақ Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады. Ол кісі біздің мәңгі жадымызда", - делінген сот хабарламасында.

Ол қазақстандық танымал спортшы Денис Теннің ісін қараған болатын.

Кеңшілік Әбделдинов 1963 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.

Ол еңбек жолын 1992 жылы бастады. Әділет органдарында жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдан бастап Алматы облыстық сотының судьясы.

2013 жылдан бастап Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болған.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі

Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан шамамен 700 млн доллар табыстан қағылды – сарапшы

Мұнай

Щучинскіде 12 адамның өліміне әкелген жарылыс: дәмхана иесі сотта жауап берді

Сот

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова