USD
USD
USD

Судың ағза үшін қауіпті екенін білуге бола ма?

Минералды немесе емдік сулардың кейбір түріне ЕЭО сертификаты қажет. Егер ол болса, тауардың сапасы әлдеқайда жоғары деген сөз.

Судың ағза үшін қауіпті екенін білуге бола ма?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE.Бөтелкедегі таза су ретінде сатылатын судың қалай жасалатынына қатысты сан түрлі пікір айтылып жатыр. Маман мұндай суды ішпес бұрын не нәрсеге мән беру керек екенін айтты. 

«Ең алдымен, түсі мен дәмін тексеру керек. Егер түсі суға тән емес және жағымсыз иіс болса судағы микроағзалар көрсеткіші нормадан көп. Салдарынан асқазан-ішек жолдарына зақым келуі мүмкін», – деп жазады «Прайм» сарапшы Елена Саратцеваға сілтеме жасап. 

Бөтелке дұрыс жабылмаған болса да, күмән туындайды. Ыдыстың материалы мен түсі де маңызды. Қаралау келген шыны бөтелке ең қауіпсіз. Полимерлік ыдыста су қызған кезде зиянды қоспалар пайда болуы мүмкін. Ал ашық түсті шыныға күн түссе зиянды болады.

Жалған немесе мүлдем пайдасыз су да болады. Осыған мән беріп, сертификатын тексеру керек. Минералды немесе емдік сулардың кейбір түріне Еуразиялық экономикалық одақ сертификаты қажет. Егер ол болса, тауардың сапасы әлдеқайда жоғары деген сөз.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп