Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Судандағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 56-ға жетті

 Судандағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 56-ға жетті, 595 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Судандағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 56-ға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің дәрігерлер комитетінің хабарлауынша, тек Хартумда 17 адам қаза тауып, 302 адам жарақат алған. Бұған дейін дәрігерлер 25 адам қаза тауып, 183 адам жараланғанын хабарлаған болатын.

Судандағы жағдай Егемендік кеңесін (елдің басқарушы органы) басқаратын армия қолбасшысы Абдель Фаттах әл-Бурхан мен оның кеңестегі орынбасары - арнайы күштердің қолбасшысы Мұхаммед Хамдан Дагало (Хамидти) арасындағы келіспеушіліктерге байланысты ушығып кетті. 15 сәуір күні таңертең Меров пен Хартумдағы әскери база маңында осы екі құрылым арасында қақтығыстар басталды.

Ал, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі атысты тоқтатуға шақырды.

«Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатып, тыныштықты қалпына келтіруге және Судандағы қазіргі дағдарысты шешу үшін диалогке қайта оралуға шақырды» делінген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сенбідегі мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері аймаққа гуманитарлық көмекке қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті және Суданның бірлігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын жақтайтынын растады.

Қазір оқып жатыр

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң