USD
USD
USD

Суармалы жер көлемі артады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3 каналдың күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

Суармалы жер көлемі артады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Каналдардың жөндеу жұмысын қадағалаған қала басшысы мердігерлерге жұмыстың сапасына және бетондаудың технологиялық талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге нысан құрылысын мерзімінде аяқтауда жұмыс күшін арттыруды тапсырды.

Каналдар қалаға су жеткізудің негізгі артериялары болып табылады.

Оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды.

Күрделі жөндеу жұмыстарың жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайды.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі артады.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланудағы 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдалануда 7 канал.

Алдағы 4 жылда жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек