Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Су тасқынынан қаза тапқандар саны 302 адамға жетті

Қытайдың орталығында орналасқан Хэнань провинциясында нөсер жаңбыр және су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 302 адамға жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні брифингіде жергілікті үкімет өкілі мәлім етті, деп хабарлайдыСиньхуа агенттігі.

Су тасқынынан қаза тапқандар саны 302 адамға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 50 адамның хабар-ошарсыз кеткені айтылды. Провинцияның әкімшілік орталығы Чжэнчжоу қаласында жауған нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан расталған құрбандар саны 292 болды.

Тағы 47 адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Синсянь қаласында жеті адам қаза тапқан, тағы үшеуі хабар-ошарсыз кеткен. Пиндиншань қаласында бір адам мерт болған және екі адам хабар-ошарсыз кеткен.

Қытайлық әлеуметтік желі қолданушылары Чжэнчжоудағы метродан түсірілген видеоны бөлісіп жатыр.

Онда жолаушылардың лайлы суға беліне дейін, қала көшелеріндегі көліктердің суға батқаны көрсетілген. Чжэнчжоуда нөсер жаңбыр мен су тасқыны қазірдің өзінде 45000 гектар алқаптағы егістікке зиян келтірген.

Келген шығын сомасы 65 жарым миллиард юань (10 миллиард АҚШ долларынан астам) деп бағаланып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті