USD
USD
USD

Су тасқынынан 20 адам көз жұмды

Вьетнамда нөсер жаңбырдың салдарынан болған қатты су тасқыны мен көшкін салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, тағы 14 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы  VnExpress хабарлайды.

Су тасқынынан 20 адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен сейсенбіден бастап бұл аймақ нөсердің астында қалған. Жексенбіде Куангнам мен Куангнгай провинциялары арасындағы аумақта соққан Линф дауылы жағдайды одан әрі қиындатқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, Куангчи провинциясында кемінде алты адам көз жұмды. Куангнамда бес өлім туралы хабарланса, Тхуа Тхиен-Хуюде 3 өлім расталды.

50 000-ға жуық адам эвакуацияланды. Өткен аптаның ортасынан бастап орталық жағалауда қатты жаңбыр құйып, кей аудандарда жүздеген үй 4 метрге жуық су астында қалды. Ха Тинь, Куангнам, Куангбинь, Куангчи және Тхуа Тхиен-Хюэ провинцияларындағы, сондай-ақ Дананг қаласындағы 206 коммунадағы 100 000-нан астам үй 0,3-3 метр тереңдіктегі су астында қалған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей