USD
USD
USD

Су тасқыны: БҚО-ның бірнеше ауданында ахуал күрделі

  Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланған аудандардан өзге елді мекендерге де қарғын судан қауіп бар.

Су тасқыны: БҚО-ның бірнеше ауданында ахуал күрделі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның ішінде Деркөл, Шежін өзендері кесіп өтетін Тасқала ауданындағы ахуал алаңдатады. Тасқынның алдын алу шараларына көрші облыстан құтқарушылар жұмылдырылды. Облыстың батыс бетіндегі ауданда жыл сайын қар қалың түседі. Ертерек қамданбаса, екі өзен әп-сәтте арнасынан асып кетуі мүмкін. Деркөлдің екі жағын бойлай орналасқан Тасқала ауылында тасқын қаупі биыл да төніп тұр.
 Облыста бір мезетте-ақ бірнеше елді мекенде табиғи апат болған кезде арнайы техника мен еңбек күшінің жетіспейтіні айқын сезілді. Аймаққа Атырау мен Маңғыстаудан құтқару жасақтары көмекке келді. Солардың жартысы Тасқала ауданына жұмылдырылған. Олар көшелерді қар суынан жедел тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов