USD
USD
USD

Су құбырын тарту жұмыстарының 90 пайызы аяқталды

Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті болып келді. Осы кезге дейін тұрғындар ауыз суды сатып алып, тұтынды. Бұл мәселе биыл шешімін табатын болады.

Су құбырын тарту жұмыстарының 90 пайызы аяқталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ынтымақ-2 шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын. Ұзындығы 136,7 шақырымды құрайтын ауыз су құбырын тарту жұмыстарының бүгінде 90 % аяқталған. Жоба құны – 1 119,6 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 2689 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы электр мәселесі де биыл шешіледі. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін аяқталып, тұрғындар сапалы электр қуатына қол жеткізеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам