USD
USD
USD

Су қоймасы неден жарылды?

 1 мамырда нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып кеткен. Елді мекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келген, деп хабарлайды Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі.

Су қоймасы неден жарылды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Су қоймасына жақын маңдағы махаллалардың тұрғындары эвакуацияланып, мектептерге, колледждерге, кәсіпорындарға орналастырылды. Олардың бір бөлігіне басқа махаллалардың тұрғындары пана болды. Ел Президенті Шавкат Мирзиёев апат болған жерге келіп, қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен жүздесті. Ол барлық жапа шеккен адамдарға көмек көрсетілетінін, баспанамен, азық-түлікпен қамтылатынын атап өтті. Сондай-ақ, үкіметтік комиссия құрылып, апаттың зардабын жою шаралары қолға алынды. Қазіргі сәтте бөгеттен су ағуы тоқтады. Арнадан асқан су Ақалтын ауданындағы Абай каналымен Жизақ облысындағы Арнасай көліне ағызылды.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат