USD
USD
USD

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан Бразилиядан басым түсті

 Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилиядан басым түсті. 

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан Бразилиядан басым түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Дүбірлі дода Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында сұйымдастырылуда. Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасуда. Бүгінгі кездесуде қазақстандық спортшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 10:6 есебімен тізе бүктірді. Бұл топтағы Австралия Жаңа Зеландиядан 11:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық қыздар алғашқы кездесуінде Австралиядан 6:19 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 24 маусымда Жаңа Зеландиямен ойнайды.

Сондай-ақ, әлем чемпионатында D тобында еліміздің ерлер құрамасы Австралия, Сербия, АҚШ құрамалары сынға түсіп жатыр. Жігіттер алғашқы кездесуінде Австралияға 4:10 есебімен есе жіберіп қойды. Енді ел құрамасы 23 маусымда АҚШ-пен кездессе, 25 маусымда Сербияға қарсы шығады. Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінде ойыншылардың жазғы трансферлік мерзімі бекітілді .

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады