USD
USD
USD

Су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді

Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан ауылдарды аралап, елді мекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елді мекенінде жиналыс өткізді. 

Су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. 

Мырзакент төңірегінде Достық, Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныс аударатын жаңа шағын аудан салынады. Жаңа тұрғын үй алабына барлық коммуникация желісі жүргізіліп, балабақшалар мен мектептер салынады.

Су астында қалған екі ауыл — Фирдоуси және Өргебас ауылдарының азаматтарына облыс әкімі үш түрлі ұсыныс айтты:

Басқа елді мекенде үйлер салып, сол жаққа көшу; 

Суға кеткен ауылдағы үйлерін қалпына келтіру;

Тұрғын үйін өзі қалпына келтіруге ниет білдірсе, тиісті қаражаты аударылады.

Бұл үш ұсыныстың қайсысын таңдау тұрғындардың өз еріктерінде болмақ, олар ортақ жиында бір шешімге келуі тиіс. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен мал ұстаушылардың шығындарын өтеу мәселесі де шешілді. Шығын ТЖ жою жөніндегі шұғыл штаб комиссиясы жүргізген ревизия қорытындысы бойынша үкіметтік резервтен өтелетін болады.

Ауыл шаруашылығы несиелері бойынша фермерлерге төлемдерді кейінге қалдыруға мүмкіндік беріледі.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын қалпына келтіру мақсатында ҚР АШМ ауыл шаруашылығы ҒЗИ-мен бірге жерлерді қалпына келтіреді және биыл қандай дақылдарды отырғызуға болатыны туралы ұсыныстар беріледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы