USD
USD
USD

Су тасқынының салдарын жоюға «Теңізшевройл» 2 миллиард теңге қаражат бөледі

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) осындай қиын-қыстау кезеңде Атырау облысының тұрғындарымен және Қазақстан халқымен бірге.

Теңізшевройл
Фото: Теңізшевройл

Алматы, NEGE. Бұл жағдайдың халықтың өміріне елеулі әсер ететінін ескере отырып, су тасқынына қарсы жедел әрекет ету шараларына және жағдай басылғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында Теңізшевройл қазіргі таңда 2 миллиард теңге қаражат бөледі. Бұл бөлінген қаражат аймақ тұрғындары су тасқынының тікелей салдарын жоюға және зардап шеккендердің тұрмысын қалпына келтіруге септігін тигізетін маңызды үлес.

«Су тасқынының алғашқы белгілері көрінгеннен бастап, Теңізшевройл мүмкіндігінше қолда бар ресурстарды ұсыну арқылы жергілікті халыққа және көпшілігі тасқын судан зардап шеккен аймақтарда тұратын қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында, өзінің бизнес серіктестерімен және Атырау облысының әкімдігімен ынтымақтасып жұмыс істеуде.

Осы уақытқа дейін, ТШО мен оның бизнес серіктестері 90-нан астам мамандандырылған техника, шамамен 30 автобус, сондай-ақ азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай ұсынды.

Теңізшевройл Қазақстанның игілігі үшін өндірісті қауіпсіз және сенімді түрде жүргізуді жалғастыра отырып, қоғаммен бірге болуға ұмтылады», – делінген компания таратқан мәлімдемеде хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік