USD
USD
USD

Су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданының тұрғындарына үй берілді

Қобда ауданында бүгін 100 үй қолданысқа берілді. Ауданы 80 және 100 шаршы метр болатын үй құрылысы үш айда аяқталды, деп жазды kazinform.kz.

кілт
Фото: freepik.com

Алматы, NEGE. Көктемгі су тасқынынан кейін баспанасыз қалған қобдалықтар бүгін қоныс тойын тойлады. Бұған дейін эвакуациялық пунктте, кейін тума-туыстарының үйінде тұрған олар бүгін өз үйінің кілтін алып, көшті. Тасқыннан кейін барлығы 147 үй салуға шешім қабылданған болатын. Қобда ауданының орталығында құрылысы жүргізілген 130 үйдің 100-і бүгін қолданысқа берілді. Өзгесі Жарық ауылында.

«Су 28 наурыз күні келіп, бізді эвакуациялады. Қазір мұның бәрі артта қалды. Жаңа үйде 4 жан тұрамыз. Балам, немерем жанымда. Тасқыннан кейін 150 АЕК көлемінде материалдық шығын да өтелді», - деді Амангелді Жұбанкен.

Қобдадағы үйлерді салуға «Болат Өтемұратов» қорынан қаржы бөлінді. Құрылысты 13 мердігер жүргізген.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель