USD
USD
USD

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОК) келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ШОК субъектілерінің залалды өтеу туралы өтінімдерін қабылдау және қарау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

айыппұл
Фото: Elorda.info

Алматы, NEGE. Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.

«2024 жылғы 1 қазан жағдайында ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді», — деп хабарлады ведомстводан.

30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданды. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасуда, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылады.

Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті. Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен.

Қағидаларға сәйкес, жоғалған мүліктің (ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың) құны, тауарлық-материалдық құндылықтардың құны, зақымдалған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны өтелуге жатады.

Қазір оқып жатыр

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

.

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

авиаотын

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

Aitu