4 Қараша 13:24
...

Су тасқынынан зардап шеккен халық Испания короліне балшық лақтырды (видео)

Испания королі
Фото: ғаламтордан

Испания королі Филипп VI мен оның әйелі Летиция және елдің премьер-министрі су тасқынынан зардап шеккен аймаққа барды. Алайда, ашынған халық оларға балшық лақтырып, таяқпен ұрған. 

Алматы, NEGE. Король мен патшайым су тасқынынан қатты зардап шеккен екі аймақ Пайпорту мен Чиваға баруды жоспарлаған.

Жиналған жұрт король мен жұбайына және шенеуніктерге балағат сөздер айтып, наразылық білдірген. ABC газетінің хабарлауынша, халық премьер-министрді таяқпен ұрып, ол шеруден кетуге мәжбүр болған.

Олар патша мен шенеуніктердің зардап шеккен қалаға ертерек келмегенін айыптап, оларды «қанішер» деп атады. Жағдайға қарамастан, патша мен патшайым Пайпортадан кетер алдында қала тұрғындарымен бір сағаттан астам уақыт әңгімелесті.

29 қазанда Испанияның шығысы мен оңтүстігінде су тасқынына әкеп соқтырған нөсер жаңбыр жауды. Соңғы мәліметтер бойынша, су тасқынынан қаза тапқандар саны 214-ке жетті.

31 қазан мен 2 қараша аралығында елде үш күндік қаралы күн жарияланған болатын.