USD
USD
USD

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» орталығында демалды

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында келесі аптада жаңа маусым басталады. Биылғы жазда бұл орталық 6000-нан астам баланы қабылдайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Жазғы лагерь
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Алматы, NEGE. Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді, әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрби беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды.

«Биылғы жылдың басынан орталықта 5800 бала демалды, олардың 842-сі зардап шеккен аймақтардан келген балалар. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тағы 17 бала келеді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр», - деп хабарлады «Балдәурен» РОСО баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy