USD
USD
USD

Су тасқынынан оқшауланған 37 мыңға жуық адам үйіне оралды

Азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ брифингінде хабарлады.

брифинг
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып келеді. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеп жатыр.

«Атырау облысындағы жағдайға мониторинг жалғасып жатыр. Су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 498 шақырымды құрайтын бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді спикер.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6148 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Су тасқыны басталғалы бері 119 220 адам, оның ішінде 44 776 бала құтқарылып, эваакуацияланды. Республика бойынша 36 745 адам өз үйіне оралды. 6 909 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 27 мыңнан астам адам жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы