USD
USD
USD

Су тасқыны болған өңірлерде 100 сәби аман-есен дүниеге келді

Су басқан өңірлерде 3 мыңнан астам медицина қызметкері, 300-ге жуық жедел медициналық көмек бригадасы жұмыс істейді. Су тасқыны болған өңірлерде 100 сәби аман-есен дүниеге келді.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева атап өткендей, дәрігерлер құтқарушылармен бірге су басқан аудандардың тұрғындарын эвакуациялауға көмектеседі.

«Ақтөбе облысы Айке ауылының дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері Жүргенев ауылының 530 тұрғынын аудан орталығына қайықпен эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында көп қарт пен бала және жүкті әйелдер болды. Барлығы медбикелер Бақытжанова Ақнұр мен Аймағанбетова Арайлымның сенімді бақылауында болды», - деп атап өтті ОКҚ алаңында спикер.


Сонымен қатар дәрігерлер су тасқынынан қиын жағдайға тап болған Қызыл Жұлдыз кентінде тұратын 16 отбасына азық-түлік жеткізді.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі барлық нысанда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтетінін атап өтті. Сонымен қатар өңірлерге ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары жіберілді.

«Бүгін ғана стационарлық көмек көрсетуді тоқтату, сумен жабдықтау көздерін вируспен жұқтыру туралы жалған ақпарат тарала бастады. Тағы да осындай мәліметтерге сенбеуге және таратпауға, халық арасында дүрбелең туғызбауға шақырамыз. Шынайы мәлімет алу үшін ресми ақпарат көздеріне, Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, жергілікті денсаулық сақтау басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз, біз сіздердің кез келген сұрақтарыңызға жауап беруде дайынбыз», - деп сендірді Әйгерім Оразалиева

Қазір оқып жатыр

G7 елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыруға келісті

Украина, Ресей

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана