USD
USD
USD

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы мәлімдеме жасады

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

Су қоймасы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 22 наурыз күнгі жағдай келесідей:

Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 30 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 40 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 50 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метр су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 62 %-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 587 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 660 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 10,1 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 7,6 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 30 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 20 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 64%-ға толы.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 343,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 56,7 текше метр су жіберілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.