USD
USD
USD

Су добынан спортшыларымыз қола медаль үшін қытай құрамасымен сынға түседі

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында су добынан сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлдар құрамасы жартылай финалда Жапонияға есе жіберді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

су добы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматы, NEGE. Енді 9 наурыз күні жігіттеріміз қола жүлде үшін ойында Қытай құрамасына қарсы сынға түседі. Ал финалда Жапония мен Иран бас жүлдені сарапқа салады.

Су добы. Ұлдар. 1/2 финал

Қазақстан - Жапония 10:20 (1:4, 2:4, 2:1, 5:11)

Голдар:

Егор Белоусов, Кирилл Пантелеев - 3

Нұрдәулет Сүлейман, Әл-Фараби Құбайдолла, Нұрасыл Сәтберген, Дәурен Әли – 1.

Естеріңізге сала кетейік, бұгін аталған спорт түрінен қыздар құрамасы қытайлық қарсыластарына 9:14 есебімен жеңіліп қалғанын жазған едік. Енді аруларымыз ертең 9 наурыз күні Таиланд құрамасымен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.

26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский