USD
USD
USD

Су добынан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін Дохада Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынатын әлем біріншілігіне қатысып жатқан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын жеңіспен бастады.

әйелдер құрамасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жерлестеріміз 1-турда Бразилия құрамасынан басым түсті. Есеп- 10:10 (1:2, 2:2, 5:3, 2:3) буллит: 6:5.

2023 жылғы өзгеріс бойынша, топтық кезеңде тең түскен жағдайда жеңімпаз буллит сериясы арқылы анықталады.

Енді аруларымыз 6 ақпан күні өткен жылғы әлем чемпионы Нидерланд командасымен өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан әйелдер құрамасы А тобында Бразилия, АҚШ, Нидерланд құрамаларымен өзара сынға түсіп жатыр.

Жалпы Париж Олимпиадасында ерлер 12, әйелдерден 10 құрама бақ сынайды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралғында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті