USD
USD
USD

Студенттерінің 70 пайызы ақылы негізде оқиды

  Еліміздегі жоғарғы оқу орындарында білім алатын 10 студенттің жетеуі ақылы негізде оқиды. Яғни жалпы 604 мың студенттің 424 мыңы алған білімі үшін ақша төлейді.

Студенттерінің 70 пайызы ақылы негізде оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал мемлекеттік грантпен оқитындар саны 180 мыңнан сәл асады. 2019-2020 оқу жылында Қазақстанда 125 жоғары оқу орны тіркелген. Оның жартысынан астамы – жеке университеттер. Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы мәліметке қарағанда жоғары білім беру саласындағы қызмет ақысы 10 пайызға өсті. Осылайша қызмет үшін алынған қаржының жалпы сомасы 229 жарым миллиард теңгені құрады. Оның 37%-ы Алматы қаласындағы университеттердің үлесінде. Үштікке Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысының жоғарғы оқу орындары да кіреді.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент