USD
USD
USD

Студенттерге арналған жатақханаларда төлемақының өсуі себебі белгілі болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерге арналған жатақханаларда төлем сомасының өсуі себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Студенттерге арналған жатақханаларда төлемақының өсуі себебі белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы оқу жылында университет жатақханасында тұру құны ғимаратты күтіп ұстау, қызмет көрсету шығындарына орай өсті. Бұл тұрғыда құрылыс заттары құнының өсімін, күрделі жөндеу, қызметкерлердің еңбекақы қоры, коммуналдық қызметтер, дератизация/дезинфекция жұмыстарын ескеру керек», - делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген мәліметінде.

Ведомство ақпаратына қарағанда, академиялық еркіндік аясында ЖОО құзыретіне оқу процесін жүзеге асыру, кадрларды іріктеу әрі орналастыру, сондай-ақ ғылыми, қаржылық-шаруашылық және Қазақстан заңнамасында белгіленген басқа да қызмет кіреді.

Сонымен қатар, қызметтің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін университеттерде корпоративтік басқару жүйесі – Директорлар кеңесі енгізілді. Осыған дейін университет ректоры жеке шешім қабылдау құқығына ие болса, енді корпоративтік басқару енгізілгеннен кейін ректор орындаушы болып саналады, яғни стратегиялық шешімдерді Директорлар кеңесі қабылдайды. Жатақханада тұру құнына қатысты шешімді де Директорлар кеңесі қарастырады.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев