USD
USD
USD

Студенттердің шәкіртақысы өседі

Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында айтылды. 

 Студенттердің шәкіртақысы өседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттерге ай сайынғы шәкіртақы мына мөлшерде белгіленеді:

– даярлаудың педагогикалық бағыттарында және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда оқитын студенттерге – 41 898 теңге;

– педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– интерндерге – 75 890 теңге;

– магистранттарға – 97 024 теңге;

– «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;

– докторанттарға – 217 500 тенге;

– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;

– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен 17 жастағы тұрғын ұсталды

Полиция

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев