Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Студенттердің шәкіртақысы көтеріледі

Биыл 10 мың орындық 31 жатақхана пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2025 жылға дейін 130 мың студент пен докторанттың шәкіртақысын көтеру жоспарланған. Бұл туралы премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Студенттердің шәкіртақысы көтеріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жастарымыздың тегін негізде жоғары білім алуына мүмкіндіктер кеңейтіліп жатыр. 2025 жылға қарай мемлекеттік білім гранттарын 50 пайызға ұлғайту жоспарланған. Оның ішінде мектеп бітіретіндердің орташа көрсеткіші жалпы республикалық деңгейден төмен өңірлердің жастарына өзге өңірлердегі университеттерде білім алуы үшін биыл алғаш рет мақсатты 10 мың грант бөлінеді", – деді Е. Тоғжанов. 

Вице-премьердің айтуынша, бұл – өңір жастарының білімін лайықты деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шешім. 

"2025 жылға дейін студенттер шәкіртақысы жыл сайын 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттар стипендиясы 15%-ға артады. Бұл жалпы 130 мыңға жуық студент, докторантты қамтиды", – деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример