USD
USD
USD

Студенттер шәкіртақысы 2 есе көбейеді

2025 жылға қарай студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі. Үкімет отырысында жоспар қалай жүзеге асатыны айтылды.

Студенттер шәкіртақысы 2 есе көбейеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға, докторанттарға 83 пайызға өсті. 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы тағы екі еселенеді, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есе артады», – деп хабарлады білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

2020 жылы бакалаврларға арналған шәкіртақы айына 26 186 теңге болса, 2025 жылы ол 52 372 теңгеге дейін ұлғаяды. Магистранттар үшін шәкіртақы 66 913 теңгеден 117 098-ге дейін, докторанттар үшін 150-ден 262 мың теңгеге дейін өседі.

«Жоғары білім алу қолжетімді болуы үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Кадрлар даярлауға арналған гранттар тек сұранысқа ие салаларға бөлінеді. Әртүрлі грант енгізіледі», – деп атап өтті Аймағамбетов.

2020 жылы 51 059 грант бөлінді, ал 2025 жылы 76 500 білім грантын бөлу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер