USD
USD
USD

Студенттер мен оқушылар қалай оқиды?

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатайтудың қосымша шаралары туралы қаулыға қол қойды.

Студенттер мен оқушылар қалай оқиды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Осылайша, оқушылар оқу жылын қашықтан оқыту режимінде аяқтайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. IV тоқсанда 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда, елорданың барлық оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді.

«IV тоқсанында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын қашықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматта (пәндердің 70% дәстүрлі форматта, 30% қашықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша рұқсат етіледі», – делінген қаулыда.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 30 наурызда күшіне енеді. Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан.

Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер