USD
USD
USD

Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды

Студенттердің көктемгі семестрі 24 қаңтарда басталады. Оқу дәстүрлі/аралас форматта болады

Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE. Zakon.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.

Министрліктің хабарлауынша:

Басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыруды алдын ала қамтамасыз етілді.

Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда, 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады.

Сондай-ақ, министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттеріне оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық режим міндетті түрде сақталады:

Маска режимі қатаң ұстану керек;

Жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасы арқылы кіру міндетті;

Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37-ден жоғары) адамдарды оқу корпустарына кіргізілмейді.

Жоғары оқу орындары студенттерден ПТР тестілеу талап етпейді.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 81 пайыздан астамы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94%-дан астамы екпе алған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.