USD
USD
USD

Студенттер омбудсмені 10 тәулікке қамалды: той кортежіне қатысқандар мән-жайды түсіндірді

Ұлытау облысындағы той кортежіне қатысты оқиғадан кейін студенттер омбудсмені Ұлан Наукен 10 тәулікке қамауға алынған болатын. Бұған оның әлеуметтік желіде жариялаған, көлік жүріп бара жатқан кезде түсірілген бейнежазбасы түрткі болды. Студент жастарға үлгі болуға тиіс адамның заң талаптарын елемеуі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. 

Ұлан Наукен
Фото: Әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Той кортежіне қатысушылар желіде мән-жайды түсіндіріп, видео-үндеу жариялады.

«Өзімізге қатысты барлық жауапкершілікті қабылдап, белгіленген айыппұлдарды төледік, жүргізуші куәлігінен айырылдық. Заң талаптарын толық орындадық және жіберілген қателіктің дұрыс болмағанын түсінеміз», – делінген бейнежазбада.

Бек Сейдуалиев есімді желі қолданушысының айтуынша, омбудсмен бұл шараның ұйымдастырушысы болмаған және көлік жүргізбеген. Ол бұл тойға шақырылған қонақ ретінде қатысқан. 

Оның мәлімдеуінше, студенттер омбудсмені жазықсыз жерден кінәлі атанған.

«Ұлан – Жәйрем мен Қаражалдың атын танытып, спортта жетістікке жеткен қоғамға пайдасы тиіп жүрген азамат. Осындай ағаттық үшін оның осы уақытқа дейін адал еңбекпен жинаған беделіне сызат түсіп, жазықсыз жерден кінәлі атанып отыр. Өкінішті. Барлық қазақстандықтан, әсіресе, осы жағдайға алаңдаған жұртшылықтан шынайы кешірім сұраймыз. Бұл бізге өмірлік сабақ болды», – деді ол.

Айта кетейік, Ұлытау облыстық полиция департаменті 27 шілде күні үйлену тойы кортежін ұйымдастырушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартқанын мәлімдеді. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған сегіз автокөлік анықталып, айыппұл тұрағына қойылғаны мәлім болды.

Автокеруен қатысушыларына қатысты барлығы 22 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған: олардың қатарында қарсы бағыттағы жолаққа шығу, жол қозғалысы кезінде қауіпті жағдай туғызу, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқа да құқық бұзушылықтар бар.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Журабек Мирзамахмудов

Тоғыз ойыншымен қалған «Омонияны» «Қайрат» пенальти сериясында жеңді

Қайрат

Аша Матай заңгермен пікірталасқа түсуден бас тартты

Аша Матай

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.