USD
USD
USD

Студенттер қазасынан кейін ҚазҰУ-да кешенді тексеру жүргізілмек

Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне мониторингтік топ жіберіп, кешенді тексеру жүргізеді. 

ҚазҰУ
Фото: elibrary.kaznu.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мониторингтік топ студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты заңнама талаптарының сақталуы мен ішкі құжаттарды тексереді. Бұған қоса, министрліктің хабарлауынша, тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін бағалайды.

«Жанжалды жағдайларды анықтау мен алдын алудың, студенттердің өтініштеріне уақтылы ден қоюдың және оларға психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы тетіктеріне ерекше назар аударылады», – делінген министрлік хабарламасында.

Тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша шаралар әзірленбек.

Еске салсақ, 15 қарашаға қараған түні Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болды. Желідегі ақпарат бойынша, екінші курс студенттері мен төменгі курс студенттері арасында жанжал шығып, салдарынан бірінші курс студенті оқиға орнында қаза болған. Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады, күдікті ұсталды.

Қайғылы оқиғадан кейін университеттің әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректоры мен география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы қызметінен босатылғаны мәлім болды. Бұған қоса, жатақханада сол күні кезекшілікте болған жауапты қызметкерлер қызметтен шеттетілді. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

Айта кетерлігі, он күндей бұрын аталған оқу орнында журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмған еді. Бұл дерек бойынша Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жоғарғы соттың 16,6 млн азаматтың жеке дерегін қамтитын дерекқоры сатылымға шығарылғаны рас па?

Жоғарғы сот

Вице-министр Сапарбеков қазақстандық костюмінің бағасын айтты

Олжас Сапарбеков

Қазақстанда төрт коллекторлық агенттік жұмыс істеу құқығынан айырылды

мөр басу

Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайызға дейін төмендеуі мүмкін

Ұмай