USD
USD
USD

Student’s Book цифрлық құралы жасалды

ІТ мамандығында оқитын дарынды студенттерден кадрлық резер қалыптастыруға бағытталған Student’s Book цифрлық құралы жасалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев жазды.

Student’s Book цифрлық құралы жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. А.Дәдебаевтің мәліметінше, ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ұйым – «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК қызметкерлері Student’s Book цифрлық құралын жасап, пайдалануға енгізді.

«Жобаның мақсаты – аталған кәсіпорынның кадрлық әлеуетін нығайту үшін еліміздің үздік жоғары оқу орындарының талантты студенттері арасынан кадрлық резерв қалыптастыру. Жоба, сонымен бірге Қазақстанның дарынды жастарына ІТ-бағытында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді және жаңа мамандарға көмек болады», – деді ҚР Президенті Іс басқарушысы.

Атап өтілгендей, Astana IT University студенттері бірден қызығушылық танытып, кәсіпорын базасында «киберқауіпсіздік», «бағдарламалық инженерия», «үлкен деректер талдауы», «компьютер ғылымдары» және өзге де бағыттар бойынша тәжірибеден өтуге 20-дан астам өтінім жіберді. Екі студент өндірістік тәжірибеге қабылданған.

Алдағы уақытта Student's Book цифрлық құралын ҚР ПІБ-нің барлық ведомстволық мекемелеріне енгізу мүмкіндігі пысықталатын болады.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park