USD
USD
USD

Студент пациенттер мен мүгедек балаларды қорлаған

Медициналық оқу орны студентінің хоспис пациенттері мен мүгедектігі бар балаларды қорлау фактісі анықталды.

Студент пациенттер мен мүгедек балаларды қорлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іс бүгінде соңғы сатыда. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр. Бас прокуратурамен байланыстамын, іс менің бақылауымда. Меніңше, мұндай іс-әрекеттер заңның бар қатаңдығымен қарастырылуы керек», – деп жазды Динара Зәкиева Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Динара Зәкиева боксшы Бейбіт Шүменовтің дәмханадағы жанжалына қатысты оны қылмыстық жауапқа тарту керек деген еді.

Сондай-ақ, уәкіл ұлттық заңнамаға бала қауіпсіздігімен байланысты өзгертулер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk